«Шолпы», «Аққу», «Алтынай» билерінің тарихы қандай? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Шолпы», «Аққу», «Алтынай» билерінің тарихы қандай?

25.07.2015
«Шолпы», «Аққу», «Алтынай» билерінің тарихы қандай?

Қазақ билерi – көбiне  нақты белгiлi бiр тұрмыс-тiршiлiкке құрылады да халықтың бейне болмысының айнасына айналады.

Ол елдiң сән-салтанатын, жастардың махаббатын, ерлiгiн, елдiгiн, қайғы-мұңын, әл-қуатын дәлме-дәл сан мыңдаған қимылмен, қозғалыспен баяндап тұрады.

Бұл өнер халықтың тіршілік-тынысын, адамның табиғатқа көзқарасын, дүниетанымын айшықтайтын өнер ретінде өркендеді. Қазақ биінің кейбір қимыл қозғалыстары, бақсы-балгерлердің ойындары арқылы қалыптасқан.

Бүгін «Қазақстан би әлемі» хабары «Шолпы», «Аққу», «Алтынай» билерінің тарихы мен орындалу ретіне тоқталмақ. Сағат  17:50-де Ұлттық арнадан  көріңіз.

Хабарламаларға жазылу