XIII ғасыр. Жерорта теңізіндегі ең үлкен флоттың егесі, Мысыр елінің билеушісі, теңдесі жоқ Бейбарыс сұлтан патша тағына дейінгі өмір жолын есіне түсіреді.
Билік атаулының бейшаралығын, ең жақын деген адамдарының ішінде де сатқындыққа бейім тұратын адамдардың болатынын ол атақ-даңққа ие болған кезде бір-ақ көз жеткізеді.
Шығыс аңызына сенсек, осы кезде Бейбарыс сұлтан патша тағын тастап, бір заманда жаулаушыларға өзі қолды болған қыпшақ даласына бет түзейді...
Режиссер Болат Мансуровтың «Сұлтан Бейбарыс» тарихи фильмін бүгін Ұлттық арнадан сағат 00:35-те тамашалаңыз.