Алматыдағы сел тасқынынан зардап шеккендерге 2 миллиард теңге бөлінді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыдағы сел тасқынынан зардап шеккендерге 2 миллиард теңге бөлінді

23.07.2015
Алматыдағы сел тасқынынан зардап шеккендерге 2 миллиард теңге бөлінді

«Бұл сел тасқыны салдарынан зардап шеккен тұрғындарға дер кезінде көмек көрсету мақсатында жасалды. Төтенше жағдай аясында 2 миллиард теңге бөлінді», - деп хабарлайды Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі.

«Бүгін таңертеңгі сағат 06:20-да оқиға болған аймақты тікұшақпен аралау барысында 3500 метр биіктікте мұздықтар мен мореналық көлдер басталатын тұста ауа температурасы 11 градус болған. Сол көлдердің бірінің табаны бұзылып, суы бөгетке қарай аққан. Қарғалы өзеніндегі бөгет жартысына дейін суға толды. Қазір ешқандай қауіп жоқ. Оперативтік штаб жұмыс істеп жатыр. Келтірілген шығынның көлемі есептелуде. Төтенше жағдай жарияланған жағдайда зардап шеккендерге қажетті сома бөлінеді», - деді А.Есімов.

Хабарламаларға жазылу