Алғашқы кездесуде есе жіберген (0:1) елордалық «Астана» өз алаңында 3:1 есебімен жеңіске жетті.
«Астана» сапынан голды Бауыржан Джолчиев (12 мин), Рохер Каньяс (43 мин) пен Патрик Твумаси (58 мин) салды. Ал, «Марибор» командасынан 39-шы минутта Александер Райчевич мергендік танытты.
Енді қазақстандық «Астана» клубы финляндиялық «ХИК» клубымен кездеседі.