Танымал журналист Айжан Жұмабаева дүниеден озды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Танымал журналист Айжан Жұмабаева дүниеден озды

21.07.2015
Танымал журналист Айжан Жұмабаева дүниеден озды

С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті, Баспасөз орталығының директоры, танымал журналист  Айжан Қуанышбайқызы Жұмабаева мезгілсіз қайтыс болды.

Марқұммен қоштасу 22 шілде күні  сағат 11:00-де, Сығанақ көшесі 21/1, 26-пәтерде өтеді. Сағат 11:30-да «Әзірет Сұлтан» мешітінде ас беріледі.

Біздің анықтама:

Айжан Қуанышбайқызы Жұмабаева – 1973 жылы 1 қарашада Қостанай облысы, Жангелдин ауданы, Ақшығанақ ауылында туған.  1996 жылы Қазақ Ұлттық университетінің журналистика факультетін журналистика мамандығы бойынша,  2004 жылы ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік қызмет академиясының біліктілікті арттыру курстарын тәмамдаған.

Ол республикалық және астаналық бұқаралық ақпарат құралдарындағы  300-ден астам жарияланымның авторы.

1998 жылдан - «Цесна-Азия» («Астана» ТК) телекомпаниясы ЖШС жаңалықтардың қазақ редакциясының редакторы - «Үкімет арнасы» және «Қаламгер» авторлық бағдарламаларының авторы.

2001 жылдан - Астана қаласы Халықаралық баспасөз орталығының жетекшісі - Астана қаласы әкімшілігінің «Астана дауысы - Голос Астаны» ақпараттық агенттігі» МКҚК бас редакторының орынбасары. 2002 жылдан - Астана қаласы әкімі баспасөз қызметінің бас маманы.

2003 жылдан - «Алматы» ауданы әкімінің ішкі саясат аппараты бөлімінің басшысы, Астана қаласы Халықаралық баспасөз орталығының және Астана қаласы әкімшілігінің «Астана дауысы» ақпараттық агенттігінің директоры.

2009 жылдан бері - «IMIGE.kz» PR-агенттігінің жетекшісі - «Имидж-Центр» республикалық журналының бас редакторы.

Қазақстан Журналистер одағының (2003 жылдан), «Қазақстан Республикасы Бас редакторларының клубы» АҚ (2005 жылдан), «Нұр Отан» ХДП Сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі қоғамдық кеңесінің Астана қалалық филиалының мүшесі.

«Шабыт» халықаралық фестивалінің «Журналистика» номинациясы бойынша дипломанты. ҚР Президентінің Құрмет грамотасымен (2008),  ҚР Президентінің Алғыс хаттарымен марапатталған (2006, 2007).

Хабарламаларға жазылу