Шахтерлар күні 30 тамызда аталып өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шахтерлар күні 30 тамызда аталып өтеді

21.07.2015
Шахтерлар күні 30 тамызда аталып өтеді

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2003 жылдың 15 қарашадағы «Қазақстан Республикасындағы кәсіптік және өзге де мерекелер тізімі туралы» Жарлығына сәйкес, жыл сайын тамыздың соңғы жексенбісінде қазақстандық шахтерлар өздерінің кәсіби мерекелерін атап өтеді.

Атаулы күн 1947 жылдың 10 қыркүйегінде КСРО Жоғары Кеңесі Президиумының Жарлығымен бекітілген.

Көмір өнеркәсібі -  Қазақстан экономикасындағы жетекші салалардың бірі. Көмір қоры бойынша еліміз - әлемде 8-ші орынға ие. Оның көлемі дүниежүзіндегі жалпы көмір қорының 4 пайызын құрайды. 

Республикада көмір шығарумен айналысатын 33 компания бар. Оның 28-і - отандық өндіріс орны.

Жыл сайын елімізде 97 миллион тонна шикізат өндіріледі. Өнеркәсіптің бұл түрі елдегі 80 пайызға жуық электр қуатының өндірілуін қамтамасыз етеді.

Шахтерлар күні мерекесінде көмір өнеркәсібінің үздік қызметкерлеріне Үкімет атынан Құрмет грамоталары беріледі. Сондай-ақ, жыл сайын сала ардагерлерімен салтанатты кездесулер ұйымдастырылып, деректі фильмдер көрсетіледі. 

Хабарламаларға жазылу