Бүгін - Эрнест Миллер Хемингуэйдің туған күні - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін - Эрнест Миллер Хемингуэйдің туған күні

21.07.2015
Бүгін - Эрнест Миллер Хемингуэйдің туған күні

 

114 жыл бұрын (1899-1961) америкалық жазушы, журналист,  Нобель сыйлығының лауреаты Эрнест Миллер Хемингуэй дәрігерлер отбасында дүниеге келген.

Бала кезінен кітап оқуға әуес болған.  Сондай-ақ, аңшылық және балық аулаумен айналысқан.

Оқушы Хемингуэй мектепішілік газетке репортаждар жазған. Сол кезден-ақ жазушы болуға бел буған екен. Оның алғашқы әңгімелері 1916 жылы мектепішілік «Скрижаль» журналында жарық көрген.

Мектепті аяқтаған соң ол университетке түсу үшін Канзас-Ситиге көшіп келеді. Онда «Жұлдыз» газетінде тілші болып қызмет атқарады.

Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде Хемингуэй Италияда әскерде болады. 1918 жылы ауыр жарақат алып, бір жылдан соң АҚШ-қа оралған ол «Ерлігі үшін» күміс медалімен және «Әскери крест» медалімен марапатталады.

Соғыстан кейін Хемингуэй Чикаго мен Торонтода журналист болып  қызмет істейді. Сондай-ақ, әңгімелер жазады. Жұбайымен Францияға көшіп келген соң, бар ғұмырын шығармашылығына арнайды.

1926 жылы Хемингуэйдің даңқын шығарған «Күн де көтеріледі» романы жарық көрген.  Ал, бір жылдан кейін «Әйелсіз еркектер» жинағы шыққан. Сондай-ақ, оның «Фрэнсис Макомбердің қысқа бақыты», «Килиманджаро қары» сынды әңгімелеріне сыншылар мен оқырмандары лайықты баға береді.

1929 жылы шыққан «Қош бол, қару» романы  оның есімін әлемге танытты. Ал, 1930 жылы Э.Хемингуэй АҚШ-қа оралады.  

1932 жылы  оның «Талтүстегі өлім», 1935 жылы «Африканың жасыл жоталары», 1940 жылы «Қоңырау кімге соғылады?» романдары жарық көрген.

1953 жылы Эрнест Хемингуэйге «Шал мен теңіз» (1952 жыл) повесі үшін Пулитцер сыйлығы берілген. Ал, 1954 жылы ол Нобель сыйлығының иегері атанады.

 

ФОТО: obodrenie.info

Хабарламаларға жазылу