Түркістанның қолөнер орталығында шәкірттер тегін оқиды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркістанның қолөнер орталығында шәкірттер тегін оқиды

20.07.2015
Түркістанның қолөнер орталығында шәкірттер тегін оқиды

Айтуларынша, бүгінде қазақ киізі, былғары, өзге де қолөнер заттары сұранысқа ие. Қолөнер шеберханада айына орта есеппен ірілі-ұсақты 1500-ден аса қолөнер бұйымы жасалады.

Бүгінде мұндағы шеберлер шәкірттерге ағаш өңдеу, құмыра жасау, былғары өңдеу, тоқыма өндірісі, зергерлік бұйымдар сынды 7 бірдей қолөнер саласы бойынша білім береді. Бастысы — оқу-жаттығу сабақтары тегін жүргізіледі.

Еске сала кетейік, Түркістан қалалық қолөнер орталығы 2 жыл бұрын қызметін бастаған. Ашылу рәсіміне облыс әкімі Асқар Мырзахметұлы қатысқан.

 

kz.otyrar.kz

Хабарламаларға жазылу