«Solar Impulse 2» ұшағы жер шарын 2016 жылдың сәуір айында айналып шығады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Solar Impulse 2» ұшағы жер шарын 2016 жылдың сәуір айында айналып шығады

19.07.2015
«Solar Impulse 2» ұшағы жер шарын 2016 жылдың сәуір айында айналып шығады

Осыған дейін «Solar Impulse 2» ұшағы жер шарын айналуын 2015 жылдың 9 наурызында Әбу-Дабиден бастаған еді. Ол Оман (Маскат), Үндістан (Варанаси), Мьянма (Мандалай), Қытай (Чунцин және Нанкин) мен Жапонияны (Нагоя) ұшып өтіп, маусымның басында Гавай аралдарына тоқтаған. Осылайша ауада 120 сағат болған ұшақ тоқтамай ұшудан рекорд орнатты. Ал, батареялар осы рекордты орнату барысында істен шаққаны туралы хабарланған.   

Батареялар жөнделгеннен кейін ұшақ 2016 жылы жер шарын аралауын жалғастырып, АҚШ-тың бастыс жағалауына бет алады. АҚШ-тан кейін ұшақ Атлант мұхитын басып өтіп, Оңтүстік Еуропа немесе Солтүстік Африкада аялдап, Әбу-Дабиге қайта оралуы жоспарланған.  

«Solar Impulse 2» қоғам назарына 2014 жылдың сәуір айында ұсынылған.  Оның салмағы 2,3 тонна, ал моноқанатының ұзындығы – 72 метр. Ұшаққа 17,2 мың күн батареясы орнатылған. Ұшу жылдамдығы сағатына 140 шақырым.

 

Фото: © AFP 2015/ Toshifumi Kitamura

Хабарламаларға жазылу