Қолөнер шебері Шайхислам Мағауияұлының қолынан шыққан ұлттық нақыштағы зергерлік бұйымдарға сұраныс аз емес. Өйткені, әшекейлердің барлығы таза табиғи материалдардан дайындалған.
«Алғаш бұл өнерді бастаған кезде қиналдым. Бірақ, ынта болды. Бұрынғы көріктердің көмегімен ұлттық қолөнерді жалғастырып келемін. Бұл өнерді өлтірмеу керек. Себебі, елімізге келген шетелдіктер ұлттық нақыштағы дүниелерімізді іздейді. Олар осылай біздің мәдениетімізді таниды»,-дейді зергер.
Шайхислам Мағауияұлы зергерлік өнерден бөлек, темірден түйін түйіп, ағаштан ою ояды. Оның көз майын тауысып жасаған кәдесыйлары да керемет.
Шебер ұлттық мұраны дамытушы, жаңғыртушы ретінде насихаттап, бар білгенін өзгеге үйреткісі келеді.
Қолөнер шеберінің ерекше туындыларын «Таңшолпаннан» көре аласыздар.