Талғат Жақиянов: Экономикалық өрлеу, саяси тұрақтылық – елдің ішкі бірлігі мен тұрақтылығына тәуелді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Талғат Жақиянов: Экономикалық өрлеу, саяси тұрақтылық – елдің ішкі бірлігі мен тұрақтылығына тәуелді

17.07.2015
Талғат Жақиянов: Экономикалық өрлеу, саяси тұрақтылық – елдің ішкі бірлігі мен тұрақтылығына тәуелді

Әлеуметтану ғылымдарының кандидаты, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы Орталық Азия өңіріндегі этносаралық және конфессияаралық қатынастарды зерттеу орталығының жетекші ғылыми қызметкері  Талғат Жақиянов бүгін таңғы бағдарламада қонақта болды.

Елбасы ұсынған «100 нақты қадам» реформасы төңірегінде әңгіме өрбіткен ол: «100 нақты қадам» - бұл Елбасы жариялаған 5 институционалдық реформа бойынша нақты қабылданған  шаралардың бірі. Осындағы 4-ші бағыт – елдің бірегейлігі мен бірлігін қалыптастыру. Бұл 5 бағыттың ішіндегі ең маңыздысы. Себебі, экономикалық өрлеу, саяси тұрақтылық – елдің ішкі бірлігі мен тұрақтылығына тәуелді»,-дейді.

«Бірегейлік болған жерде ғана бірлік болады.  Мысалы, қандай да бір топ, адам өзін Қазақстанның азаматы ретінде сезінбей, болашағын сырттан іздесе, бірлік болмайды. Сол себепті, бірлік мәселесінде бірегейлікті қалыптастыру – басты міндет».

«Бүгінде қазақты руға бөлуші, өңірлік деңгейге итермелеуші топтар бар. Яғни, батыс, шығыс, орталық деп бөледі. Сондай-ақ, «оралман қазақ», «жергілікті қазақ» дейтіндер, діни негізде түрлі ағымдарға жіктеп жатқандар бар. Сол себепті біздің басты мақсатымыз – тілдік, этно-мәдени, діни негіздегі бірлікті күшейте отырып, қазақстандықтарды азаматтық деңгейде біріктіру».

Талғат Жақияновтың сұхбатын «Таңшолпаннан» көре аласыздар.

Хабарламаларға жазылу