16 шілдеде Қызылордада «Қазақстандағы органикалық ауылшаруашылығын дамытудағы бастамаларды қолдау» атты дөңгелек үстел өтеді.
Шараны Жасыл экономиканы қолдау мен G-Global-ды дамыту Коалициясы» Астана қалаласындағы Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымы бағдарламалар кеңсесімен бірлесіп, Қызылорда облысы әкімдігінің және Қызылорда облысы бойынша «Атамекен» кәсіпкерлерді қолдау палатасы ұйымдастырып отыр.
Мақсат – Қазақстанның жасыл экономикаға көшу тұжырымдамасын жүзеге асыру, қоғам, ғылым, бизнес және мемлекеттің бірігуімен Қазақстандағы жасыл экономиканың мүмкіншіліктерін насихаттау.
Шара барысында ауылдарды, ауылдық жерлерде кәсіпкерлікті дамыту арқылы жаңа жұмыс орындармен қамтамасыз ету жайы қозғалады.
Дөңгелек үстелге Қызылорда облысы мен қалалық әкімдігінің өкілдері, «Астана EXPO-2017» ҰК» АҚ өкілдері, жергілікті сарапшылар, министрліктер және мекеме өкілдері, кәсіпкерлер, даму институттары және т.б. қатысады.