Салтанат Рақымбекова: Органикалық өндірістердің көбеюі аса маңызды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Салтанат Рақымбекова: Органикалық өндірістердің көбеюі аса маңызды

14.07.2015
Салтанат Рақымбекова: Органикалық өндірістердің көбеюі аса маңызды

Қазақстандағы органикалық ауылшаруашылықты дамытудағы бастамаларды қолдау, ауылшаруашылықты дамытудың деңгейі төңірегінде әңгіме өрбіткен  Салтанат Рақымбекова: «Негізі органикалық өндірістердің көбеюі аса маңызды. Себебі, дүниежүзінде бұл бағыт қарқынды даму үстінде.

Жарты ғасырдай болды 160 мемлекет органикалық тауарлар шығарып келеді. Сарапшылардың айтуынша, биыл бұл салада 90 миллиард АҚШ долларындай айналым болуы мүмкін. Сол себепті,  саланы біздің елде де кеңінен дамыту керек»,-дейді.

«Дүниежүзін органикалық таза өнімдерімен қамтамасыз ету – ауыл шаруашылығымен айналысып отырған кәсіпкерлердің болашағы. Негізі мұның дамуына қозғау салған – жасыл экономика жүйесі. Жетістіктері де бола жатар. Тек аймақтарда насихат жұмыстары жүргізілуі керек».

«EXPO алаңында көптеген мейрамханалар мен дүкендер болады. Сол жерге осы органикалық өнімдерді жеткізген дұрыс. Себебі, жасыл экономикаға бағытталған көрмеде тек инновация емес, сонымен қатар, осындай өнімдермен  халқын қамтамасыз етіп отырған ел ретінде таныстыру – үлкен жетістік. Өйткені, бұл – дүниежүзілік тренд».

Сұхбаттың толық нұсқасын «Таңшолпаннан» көріңіз.

Айсұлу МАМАНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу