Павлодардағы Мәшһүр Жүсіп мешітінде «Дуалы ауыз қартым бар, Аталы сөз алтын нәр!» атты бата беру жарысы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодардағы Мәшһүр Жүсіп мешітінде «Дуалы ауыз қартым бар, Аталы сөз алтын нәр!» атты бата беру жарысы өтті

13.07.2015
Павлодардағы Мәшһүр Жүсіп мешітінде «Дуалы ауыз қартым бар, Аталы сөз алтын нәр!» атты бата беру жарысы өтті

Сайыс «Дін мен дәстүр» жылы аясында мешіт молдалары мен жамағаттары арасында ұйымдастырылған.

«Бата беру жарысының талаптарына сәйкес жасы 50-ден асқан 13 ақсақал өзара бақ сынасты. Сайыс бес кезеңнен тұрды. Нәтижесінде Ақсу ауданы мешітінің жамағаттары Тукай Сырдыхан мен Рамазан Берікбаев І және ІІ орынды иеленді. Павлодар ауданы «Қасым қажы» мешітінің жамағаты Қуат Баязитов ІІІ орынға лайық деп танылды», - деді А. Тойшыбайұлы.

Орталық мешіттің баспасөз хатшысының айтуынша, алдағы уақытта осындай байқаулар облыстық Мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасымен бірлесе отырып, жыл сайын өткізіледі деп жоспарлануда.

 

Фото: Pavlodarnews.kz

Хабарламаларға жазылу