Бразилиялық футболшы Неймардың жобалау институты мүмкіндігі шектеулі балаларға доп тебу қуанышын сыйлады. Он алты футбол жұлдызы мен он алты бала әр елдің формасы мен аяқтарын біріктіретін арнайы аяқ киім киіп алаңға шықты.
Жүгіріп, секіріп, доп тепкен балалардың қуанышына тікелей себепкер болған Неймар ойын соңында үш баланы марапаттады.
«Осы бағдарламаның аясында балаларға бір сәтке болса да, қуаныш сыйлағанымызға қуанып тұрмын. Қатысушылардың бәріне алғыс білдіремін. Менің институтымда осындай іс-шараның өткені мен үшін үлкен мәртебе»,- дейді Неймар.
Шараның басты мақсаты – қажеттілігі жоғары балалардың өмірге деген құштарлығын арттырып, өздеріне деген сенімділіктерін нығайту.
Толығырақ «Таңшолпаннан» көріңіз.