Ұлттық академиялық кітапханада сирек кітаптар қоры бар - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлттық академиялық кітапханада сирек кітаптар қоры бар

13.07.2015
Ұлттық академиялық кітапханада сирек кітаптар қоры бар

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапхана тек жаңа сандық форматпен жабдықталған кітапхана емес, сондай-ақ, аталған мекеме сирек кітаптар қорымен де мақтана алады. Себебі, мұнда әлем бойынша ең озық ондыққа кіретін кітап музейі бар.

Өткен ғасырлардан сыр шертетін кітап мұражайынан жазба әдебиетіміздің, мәдениетіміздің, сонымен қатар,  Ислам өркениеті және XIX-XX ғасырда жарық көрген кітаптарды кездестіре аласыз.

«Негізі біздегі ең көне кітаптар – Құран кітаптары және араб тілінде жазылған кітаптар. 1929-1939 жылдары біздің елде латын әліпбиі болған. Сол латын әліпбиімен шыққан оқулықтар, көркем шығармалар бар»,-дейді Ақпараттық мәдени бағдарламалар қызметінің жетекшісі Сәулеш Сапабекқызы.

Мұндағы ең құнды түпнұсқа жәдігер ретінде 1807 жылы жарық көрген тұңғыш қазақ кітабы «Сейфүлмәлік» кітабын атап өткен жөн.  Сонымен бірге 1892 жылғы Василий Родловтың «Моңғолияның көне атласы» мен Қожа Ахмет Яссауидің Қазан, Стамбул қалаларынан шыққан «Диуани хикмет» қолжазбаларын да табасыз.

Толығырақ «Таңшолпаннан» көріңіз.

Хабарламаларға жазылу