Қазақстан Президенті БРИКС пен ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Башқұртстанға барды. Жаһандық саясатта салмағы басым қос құрылым басшылары Уфада не жөнінде мәмілелесті?
Үндістан үкіметінің басшысы Нарендра Моди Астанаға келіп кетті. Бір миллиардтан астам халқы бар әлемдік алпауыт елдің Қазақстанға сапарлауында қандай саяси мән жатыр?
«Майлы жілік» тендерге кім-кімнің де бар таласы. Жемқорлықтың астауы тендерлер бізде қалай өткізіледі? Жол саласындағы «былықтар».
Айдын Айымбетов Айға ұшады. Қазақтың батыр жігітінің ғарышқа ұшуына кімдер тұсау болды? Бірнеше жыл елеусіз тасада қалғанына не себеп?
Аптаның осы және өзге де айшықты оқиғаларын бүгін 20:00-де «Apta.kz»-тен көріңіздер.