Павлодарда Ертіс бойымен серуендеу кемелері іске қосылмақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодарда Ертіс бойымен серуендеу кемелері іске қосылмақ

11.07.2015
Павлодарда Ертіс бойымен серуендеу кемелері іске қосылмақ

Павлодар қаласындағы өзен кемежайы айдың соңында Ертіс бойымен екі серуендеу теплоходын іске қосуды жоспарлауда, деп хабарлайды pavlodarnews.kz. Сондай-ақ, биыл өзен кемежайының ғимараты жөндеуден өтпек.

«Павлодарда жекеменшік иелігіндегі екі серуендеу теплоходы бар. Бүгінде қайықтарға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізуде», - дейді Павлодар облысы бойынша көлік бақылау инспекциясының судағы көлікті бақылау бөлімінің басшысы Ардақ Қайыргелдин.

Әзірге слипте тек «Қазақстан» теплоходы ғана бар. «Екібастұз» қайығының техникалық бөлігі дайын. Қазіргі таңда салонды сәндеу жұмыстары жүргізілуде.

Айта кетейік, әр теплоход 250 адамға шақталған. Кемедегі құтқару жилеттері адам санына байланысты болмақ.

Хабарламаларға жазылу