Қазақстан аумағына Иран аудандарынан тропикалық ауа келуіне байланысты демалыс күндері және дүйсенбі күні ауа райы қатты ыстық болады, деп күтілуде. Температура нормадан 6-12º жоғары болады, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.
Республиканың оңтүстік-батысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында ауа райы жауын-шашынсыз.
Ал, жақын арадағы тәулікте солтүстік, орталық және шығыс облыстарының кей жерлерінде жаңбыр сақталады. Бірақ жексенбі күні мұнда да температура климаттық нормадан 3-6º жоғары болады деп болжануда.
Қазақстанның батыс облыстарында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты өткінші жаңбыр жауып, ыстық бәсеңдейді.