«Поэзия әлемінде» - Қуаныш Амандық - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Поэзия әлемінде» - Қуаныш Амандық

11.07.2015
«Поэзия әлемінде» - Қуаныш Амандық

Ақын Қуаныш Амандық Дәулеткерей атындағы Батыс Қазақстан Өнер институтын бітіргеннен кейін 1997 жылдан бері облыстық қазақ драма театрында жемісті еңбек етіп келеді.

Осы жылдар ішінде актер отыздан астам образ сомдаса, соның көпшілігі - негізгі рөлдер. Әсіресе, Иран-Ғайыптың «Махамбет» трагедиясында Махамбет, А.Камюдың «Калигуласында» Калигула, Т.Әбдіковтің «Біз үшеу едік» драмасында Мұрат сынды бірегей бейнелерді сахнаға шығарды.

Қуаныш Сайлауұлы - О.Бөкей атындағы көркемсөз оқу шеберлері республикалық байқауының және республикалық, облыстық мүшәйралардың жеңімпазы. 2008 жылы Ақтау қаласында өткен Қазақстан театрларының республикалық ХVІ фестивалінде Калигула рөлі үшін «Ең үздік ер адам бейнесі» жүлдесін иеленді.

Жанына қара өлеңді серік еткен ол: «Өлең келген кезде, басымды қысып тұрған тақия кигендей боламын. Сол сәтте отырамын да жазып тастаймын»,-дейді.

Бүгін Ұлттық арнадан сағат 13:45-те «Поэзия әлемі» хабарын көріңіз.

Хабарламаларға жазылу