Таэквондодан 58 келіде сынға түскен Қазақстандық спортшы Нұрсұлтан Мамаев Жазғы Универсияданың чемпионы атанды. Ол – финалда таяуда ғана Әзірбайжан астанасы Бакуде аяқталған І Еуропа ойындарының жеңімпазы – португалиялық Ребело Браганканы 2:0 есебімен ұтты.
Бұл Қазақстан қоржынына түскен төртінші медаль.
Айта кетейік, осыған дейін жүзу спортынан – Дмитри Баландин, жеңіл ателтикадан – Виктория Зябкина 100 және 200 метрге жүгіруден алтын медаль алған.
Еске сала кетейік, «KAZsport» телеарнасы Кванджудағы Универсиада ойындарын тікелей эфирде көрсетуде.