Мия тамырынан шәрбат дайындайтын зауыт - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мия тамырынан шәрбат дайындайтын зауыт

09.07.2015
Мия тамырынан шәрбат дайындайтын зауыт

«ТК Фарм Ақтөбе» фармацевтика зауыты 2012 жылдың аяғында іске қосылған. Зауыт жылына 12 миллион дана дәрі-дәрмек өндіріп, оның 20 пайызын шетелге экспорттайды.

Кәсіпорын мемлекеттік бағдарламаның инфрақұрылымдық қолдауына ие болған.  Соның нәтижесінде зауытқа баратын жолға тас төселіп, су мен кәріз жүйелері жүргізілді.

Зауытта бүгінде мия тамырынан шәрбат дайындалады. Отандық өнім болғандықтан, бағасы да арзан. Ал, жергілікті тұрғындар қазірдің өзін­де кәсіпорында өнді­рілген дәрілердің сапасына риза­шылығын білдіруде.

Жөтелге қарсы сироп өндіруді қолға алған зауыттың ендігі жоспары қандай?  Бүгін 19:10-да «Индустрияландыру: Ұлттық өндіріс» хабарынан көріңіз.

Хабарламаларға жазылу