Жандәулет Батай: Біздің мамандық – жауапкершілігі мол мамандық - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жандәулет Батай: Біздің мамандық – жауапкершілігі мол мамандық

09.07.2015
Жандәулет Батай: Біздің мамандық – жауапкершілігі мол мамандық

Театр қызметі, актер мамандығы турасында ой өрбіткен актер: «Театрдағы әр қойылымның халыққа айтар ойы бар. Әр қойылымнан залдағы көрерменнің бір-екеуі болсын ой түйіп кетсе, соның өзі бізге жетістік. Сондықтан, біздің мамандық – жауапкершілігі мол мамандық, деп білемін»,- дейді.

«Біздің театрда 20-дан астам спектакль қойылып келеді. Оның әрқайсысының бағыты, мақсаты бар. Әр туындының жүгі бөлек. Балаларға, жасөспірімдерге арналған қойылымдар балалардың патриотизмін сәби кезінен қалыптастыруға септігін тигізеді. Әр адам өз бағыты бойынша, мейлі ол өнер, мейлі спорт болсын, патриотизмді арттыруға үлес қосқаны абзал. Бізде бұл бағытта атқарылып жатқан жұмыстар көп».

«Қазақ хандығының 550 жылдығына, EXPO-2017 көрмесіне, сондай-ақ, 2017 жылы театрымыздың он жылдығына арнайы дайындап жатқан жоспарларымыз бар»,-дейді Жандәулет Батай.

Жандәулет Батай тек актер ғана емес, сондай-ақ, әнші, сазгер де. «Әуелде  театр емес, әуенге бейім едім. Бірақ, Жастар театры ашылған кезде екінші құрам болмады, актер аз. Жеке шығармашылығыма уақыт тапшы. Тек қазір ғана қолға алып жатқан жайым бар. Бүгінде бір альбом болатындай ән жиналып қалды. Әндерімнің сөзін әкем жазады»,-дейді ол.

Сұхбаттың толық нұсқасын «Таңшолпаннан» көре аласыздар.

Хабарламаларға жазылу