Қазақстан республикасындағы автомобиль саудасының жай-күйі қазіргі уақытта сервистік желілердің жеткіліксіз дамуымен сипатталады. Автоорталықтар мен сервистік станциялардың ұйымдастырылуына инвестициялар тарту қажет.
Лицензиялаудың мақсаты - авторынокты шектеу емес, автомобиль құралдарын арам пиғылды жеткізушілерден тұтынушыларды сақтау үшін жағдай жасау, сондай-ақ, ҚР-да автомобиль сату және сервисі саласында тек қана шығарушылардың ресми өкілдері ғана кепілдік бере алатын жоғары сапа стандарттарын қамтамасыз ету.
Бұйрыққа сәйкес, Қазақстан Республикасына ТН ВЭД ЕАЭС 8702, 8703, 8704 (автобустар, жеңіл және жүк автомобильдері) бойынша топтастырылған көлік құралдарының кейбір түрлерін әкелу лицензияларын берумен дистрибьюторлық немесе дилерлік келісім негізінде әзірлеушінің ресми өкілдері, сондай-ақ, ресми дилерлер айналысады.
Лицензияларды берумен Қазақстан Республикасы инвестиция және даму министрлігінің Индустриалдық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті шұғылданады.
mid.gov.kz