Астана күні – жалпыұлттық сипатқа ие мерекеге, халықтың асыға күтетін зор қуанышына айналып үлгерді. Күні кеше ғана Астана тұрғындары мен қонақтары, тұтас Қазақстан халқы қала күнін қуанышпен қарсы алды.
17 жыл ішінде Астананың даму үрдісінде де біршама өзгерістер болды. Шетелдік компаниялармен бірлескен отандық кәсіпорындардың экономикалық ынтымақтастығы нәтижесінде қала экономикасына инвестиция тартуға мүмкіндік туды.
Өткен жылдар ішінде шетелдік инвесторлар Халықаралық әуежай, Ислам мәдени орталығы, дипломатиялық қалашық объектілері, «Әзірет Сұлтан» мешіті, Ұлттық кітапхана, «Хан Шатыр» сауда-ойын-сауық орталығы және т.б. маңызды нысандар құрылысына айтарлықтай қаражат құйды.
Бүгін 15:00-де «Әйел бақыты» хабарын көріңіздер.