Жұматай Ахметхан: Битбокс өнерінде бастысы – ырғақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жұматай Ахметхан: Битбокс өнерінде бастысы – ырғақ

07.07.2015
Жұматай Ахметхан: Битбокс өнерінде бастысы – ырғақ

«Оқып жүрген кезімде осы өнермен айналысатын бала болды. Соған қызығып жүріп, үйреніп алдым. Жалпы, битбокс – биттан тұрады.  Шетелде жақсы дамыған. Сонау 1990-шы жылдары  пайда болған өнер біздің елде енді өріс алып келеді. Жастар ерекше қызығады. Бағалап та жатыр. Дамуы әлі алда»,-дейді Жұматай Ахметхан.

«Күнделікті тұрмыста, жұмыс істеп жатқанда, оқуға барарда музыка тыңдап отырып, әннің ырғағына қосылып жасаймын. Жүре дамитын өнер. Арнаулы ән керек емес, бастысы – ырғақ болса жетеді. Әншілермен бірігіп ән айтуға әлі ерте. Себебі, менің тәжірибем аз».

«Менің бұл өнермен айналысып жүргеніме екі ай ғана болды. Негізі  битбоксты толық меңгеру үшін бір жылдай уақыт керек».

Толығырақ «Таңшолпаннан» көріңіз.

Хабарламаларға жазылу