Испания Королі VI Фелипе мен Испания Үкіметінің төрағасы Мариано Рахой Қазақстан Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Испания Королі VI Фелипе мен Испания Үкіметінің төрағасы Мариано Рахой Қазақстан Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

05.07.2015
Испания Королі VI Фелипе мен Испания Үкіметінің төрағасы Мариано Рахой Қазақстан Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Испания Королі VI Фелипе Нұрсұлтан Назарбаевты туған күнімен  құттықтады. Ол сондай-ақ, екі елдің саяси, экономикалық және мәдени байланыстары оң үрдісте дамып келе жатқанына назар аударды.

Жеделхатта Қазақстан мен Испания арасындағы қарым-қатынастардың достық сипатта екені де атап өтілген.

Соңында VI Фелипе Қазақстан халқына татулық пен бақ-береке тіледі.    

Испания Үкіметінің төрағасы М.Рахой құттықтауында Қазақстан мен Испания екі елді ұзақ уақыттан бері байланыстырып келе жатқан достық қатынастарды алдағы уақытта да нығайта беретініне сенім білдірді.

 

Хабарламаларға жазылу