Тынымсыз шөжелер - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Тынымсыз шөжелер

Тынымсыз шөжелер

Оқиға басты кейіпкер кішкентай шөже Чип-Чип пен оның достары арасында өрбиді. Мақсатқа жету жолында оларға ылғи кедергі болатын – марғау Мияу. Шөжелер ақыл сұрау үшін данышпан Тасбақаға жүгінеді. Осылайша, кейіпкер түрлі оқиғаға тап болып, бірлесе қиындықты жеңіп отырады. Әр серияда тосын жағдайға байланысты қосымша кейіпкерлер қосылады. Шөжелер қиындықты жеңген әр санында жеңімпаздар әнін бірге шырқайды. Мультхикаяның әр санында балапандар өздерінің қорқыныштарын жеңіп, оған қоса бойларындағы қасиеттері ашыла бастайды. 

Хабарламаларға жазылу