Көжектер - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Көжектер

Мультхикаяның желісі кейіпкерлердің, екі көжектің бастарынан кешкендері туралы баяндайды. Басты кейіпкерлер – бірі орман шетіндегі қояндар отбасының үйінде тұратын көжек болса, екіншісі – орманда мекендейтін қояндардың көжегі. Екеуі де епті, жайдары және өте білімпаз. Хикая тек бөлек әлемде (алаңқай мен орманда) мекендейтін қос көжектің достығы туралы баяндайды. Әрқайсысы үшін жұмбағы көп, тылсым дүниемен танысу барысында көжектер бастарынан көптеген қызықты оқиғаларды өткермек. Олардың бірі үй тұрмысынан ғана хабардар болса, екіншісі тек өз орманы туралы ғана біледі. Осылайша, көжектер бір-біріне өз «әлемдерін» көрсетіп, ондағы жөн-жосықпен таныстырады. Қос кейіпкер хиқаяттың әр сериясында кішігірім болсада, өздері үшін маңызды бір жаңалық ашып, бір сұрақтың жауабын алып, бір мәселені шешеді...


Хабарламаларға жазылу