Достық даңғылы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Достық даңғылы

Анимациялық фильмнің кейіпкерлері әртүрлі ұлт өкілдерінен құралады. Әрбір серия бір диаспора өкілдеріне арналады. Ал жобаның басты әрі негізгі кейіпкері болып табылатын қазақ баласы әрбір ұлт өкілінің үйінде қонақта болады. Достарымен өзара тілдесіп, өзге ұлт өкілдерінің тұрмысы, мәдениеті, өнері, асханасы және т.б ерекшеліктері туралы кеңінен біледі. Қатарласы өз ата-анасымен, отбасы мүшелерімен таныстрады. Қонақ бала осылайша өзін қызықтырған көптеген сауалдарға жауап алады. Балалар ұлттық ойындар ойнайды, аспаппен ән салады, ұлттық киім үлгісін көрсетеді, би билейді және т.б. Бір сөзбен айтқанда бір ұлттың болмысы балалар образы арқылы жеткізіледі.


Хабарламаларға жазылу