Мақсаты - «Сәби» мультсериалы арқылы кішкентай бүлдіршіндерге түрлі танымдық ақпараттар беру, қоршаған ортадағы құбылыстар мен ұғымдарды баланың тілімен қызықты етіп түсіндіру. Танымдық мағлұматтан бөлек, досыңа көмектесу, өтірік айтпау, мейірімді болу сияқты баланың рухани әлеміне қажетті қарапайым мысалдарды да көрсету.
«Сәби» жобасы кішкентай баланың есту, ойлау, сөйлеу қабілеттерін дамытады. Сериалдағы кейіпкерлердің бастан кешірген қызық оқиғаларын тамашалай отырып, бала жүгіруді, секіруді, еңбектеуді, отыруды, баспалдақпен көтерілуді үйренеді. Сәбимен бірге түрлі пішіннен үйшіктер құрастырып ойнайды. Өз киімін өзі киіп үйренеді. Сюжет барысында сериал кейіпкерлері кішкентай көрерменге сұрақ қояды. Баланың тікелей қатысуымен интерактивті форматта көрсетілетін бұл жоба бүлдіршіндердің қысқа әрі жеңіл сөздерді айтып үйренуіне мүмкіндік береді. Кейіпкерлердің мысалында бала достық, шыншылдық, мейірім мен қамқорлық сияқты моральдық құндылықтарды да үйрене алады.