«Асыл мұра» жинағына енген шығармаларды тыңдау үшін QR кодты сканерлеңіз
Жинаққа «Алтын қорда» сақталған 400 күй, 300 жыр-терме, 400 халық және халық композиторларының әндері, 100 ертегі, 50 бесік жыры, 250 ретро ән енгізілді.
Аудиожинақтың ерекшелігі – мұндағы 1500 шығарманың көбі аутентикалық формада, яғни, алғашқы орындаушылары жеткізген түпнұсқа күйінде берілген.
Жинаққа енген 1500 аудиошығарма Apple Music, Spotify, Yandex Music, YouTube Music сияқты 100-ден астам әлемдік жетекші музыкалық платформаларға және «Қазақстан» телерадиокорпорациясының altynqor.com сайтына жүктелді.