Тату-тәтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Тату-тәтті

Тату-тәтті

Реалити-шоу форматындағы жобаның мақсаты – ұлт мәдениеті мен салт-дәстүрді, отбасылық құндылықтарын насихаттау, ене мен келін арасындағы сыйластық пен құрметтің, ізеттіліктің үлгісін көрсету, қазақ келінінің бойынан табылуы тиіс қасиеттерді дәріптеу.

Жобаға еліміздің түкпір-түкпірінен енелер мен келіндер қатысады. Бір апта бойы көрермен 4 ене мен 4 келіннен құралған жұптар арасындағы аспаздық сайысты тамашалайды. Әр аптаның жеңімпазы жартылай финалға жолдама алады. Ал финалға үміткерлер көрерменнің дауысы арқылы іріктеледі. Жоба жеңімпаздарына демеушілер есебінен демалыс орындарына тур беріледі. Жүргізуші - Айкерім Есенәлі.