Литвада тоғызқұмалақтан халықаралық турнир өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Литвада тоғызқұмалақтан халықаралық турнир өтті

10.05.2024

Литвада Тоғызқұмалақтан балалар арасында халықаралық турнир өтті. Шараны еліміздің осы мемлекеттегі елшілігі Литва және Латвиядағы Тоғызқұмалақ федерацияларымен бірігіп ұйымдастырды. «Сантарос» гимназиясында өткен жарысқа Қазақстан, Литва және Латвиядан 30-дан астам бала қатысты. Оқушылар бестемшеден өзара бақ сынасты. Жүзден жүйрік шыққандарға бағалы сыйлықтар мен литва тілінде жарық көрген тоғызқұмалақты үйрететін әдістемелік құралдар табысталды. Еуропалық тоғызқұмалақ шеберлері, қыркүйекте Астанада өтетін 5-Дүниежүзілік көшпенділер ойынына қатысып, жеңіспен оралудан үмітті.

Нұрсұлу Қасым


Хабарламаларға жазылу