Қ.Бишімбаевқа қатысты сот отырысы тағы кейінге шегерілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қ.Бишімбаевқа қатысты сот отырысы тағы кейінге шегерілді

10.05.2024
0:00:00
0:00:00

Экс-министр Қуандық Бишімбаевқа қатысты сот процесі тағы да кейінге шегерілді. Бүгін Астанадағы мамандандырылған ауданаралық сотында Бишімбаев пен Байжановтың ісі бойынша сот отырысы жабық форматта, алқабилерсіз өтті. Залға БАҚ өкілдері де кіре алмады. 2 сағатқа жуық созылған жиыннан кейін, жәбірленуші тараптың адвокаты Игорь Вранчев бүгінгі сотта алқабилерге қойылатын сұрақтар тізімі жасалғанын айтты. 13 мамырда осы сауалдарды талқылау жалғасады деді. Десе де, бүгін бұдан өзге не мәселе қозғалғаны туралы ешкім тіс жармады. Үкімнің қашан шығатыны белгісіз. 

Хабарламаларға жазылу