АҚШ-та алты айға дейінгі сәбилерге арналған кітап жарық көрді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ-та алты айға дейінгі сәбилерге арналған кітап жарық көрді

10.05.2024

«Қара, балам». Осындай атаумен АҚШ-та алты айға дейінгі балаларға арналған ерекше кітап жарық көрді. Қазақ, қырғыз, ағылшын және орыс тілінде жазылып безендірілген еңбекте тек ақ пен қара түс қана қолданылған. Себебі, сәбилердің көз жанарлары алғашқы жарты жылда түрлі-түсті бояуларды дұрыс көре алмаса керек. Мұндай туындылар балалардың кітапқа деген құштарлығын кішкентайынан қалыптастырады дейді авторларлардың бірі Айсалқын Ботоева. Яғни, нәрестенің миын дамытуға көмегі зор. Ол үшін ата-аналар туындыдағы суреттерді әндетіп, түсіндіріп отыруы керек екен. Суретші Ерден Зикибай сәбиге төрт тілде мәлімет беретін жаңа жинақты безендіру кезінде қазақ оюларын зерттеп, ұлттық нақыштарға айрықша басымдық бергенін айтады.

Ерден Зикибай, суретші:

Бізде табиғат, жануар, солардың нелерін мен тікелей біздің ою өрнектерімізге негіздеп жасағам. Себебі сол біздің ата-бабаларымыздың жасаған суреттері мен осы қазіргі балалардың арасында сол байланысты үзбей жалғастырғым келді.


Хабарламаларға жазылу