Cенегалда Boeing ұшу-қону жолағынан тайып кетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Cенегалда Boeing ұшу-қону жолағынан тайып кетті

10.05.2024

Cенегалда «Boeing – 737-300» ұшағы ұшу-қону жолағынан тайып кетіп, 11 адам жараланды. 4 жолаушы қатты зардап шеккен. Ұшақ бортында барлығы 78 жолаушы болды. Оқиға ел астанасы Дакар әуежайында ұшақ көкке көтеріле бастағанда болған. Апатқа байланысты әуежай жұмысын уақытша тоқтатты. Оқиғаның себептерін анықтау үшін тергеу жүріп жатыр.

Арай Төлегенқызы


Хабарламаларға жазылу