Шымкентте 3D форматты көрме ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкентте 3D форматты көрме ашылды

25.03.2015
Шымкентте 3D форматты көрме ашылды

Шымкенттегі бейнелеу өнері мұражайында 3D форматты көрме ашылды. Мұнда аңдар мен бауырымен жорғалаушылардың барлығын, тіпті, ертегі кейіпкерлерін де кездестіруге болады.

Көрменің бір ерекшелігі, көзге жәй ғана сурет болып көрінгенімен, фото немесе бейнеге түскенде оларға жан бітеді.

Көрмеге ресейлік суретшілер Павел Родж және Максим Гончеренконың еңбектері ұсынылған. Ұйымдастырушылар көрменің  12 наурыз бен 17 мамыр күндері аралағында жұмыс істейтінін айтады.

Фото: otyrar.kz

Хабарламаларға жазылу