![Бүгін Қазақстан халқы тілдерінің XVI қалалық фестивалі ашылады](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/3/article_39847.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Елордада дәстүрлі Тілдер фестивалі басталды. Шараның мақсаты - мемлекеттік тілді дәріптеу, Қазақстанда өмір сүретін халықтардың тіліне назар аудару, ұлттық құндылықтарды ұлықтау.
Фестиваль аясында 19-қыркүйекке дейін түрлі шара ұйымдастырылмақ.
Бұл тұрғыда «Үздік жарнама» байқауы, «Отан - отбасынан басталады» мерекелік іс-шарасы, Қазақстан Жазушылар одағының мерейтойына арналған жас ақындар мүшәйрасы, сондай-ақ, Балуан Шолақтың 150 жылдығына арналған әдеби-сазды кеш, «Кемел тілдің келешегі» атты жастар акциясы, «Мемлекеттік тіл - мемлекеттік қызметте» атты мемлекеттік қызметкерлер арасындағы байқау ұйымдастыру жоспарланған.
19 қыркүйекте «Жастар» сарайында өтетін фестивальдің жабылу салтанатында мемлекеттік тілдің аясын кеңейтуге үлес жүрген азаматтар марапатталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Бүгін Қазақстан халқы тілдерінің XVI қалалық фестивалі ашылады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv/news/89533/)