![Бразилия — Германия матчына мексикалық арбитр төрелік етеді](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/3/article_38007.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
ФИФА Әлем чемпионатының бірінші жартылай финалдық матчындағы Бразилия мен Германия арасындағы ойынға төрелік ететін арбитрлар бригадасын жариялады.
Бас төреші – 40 жастағы мексикалық Марко Родригес.
Марко Родригес бұл турнирде Бельгия – Алжир және Италия – Уругвай кездесуіне қазылық етті. Айта кетейік, төреші екінші ойында Клаудио Маркизионы алаңнан қуып, Луис Суарестің қорғаушы Джорджо Кьеллиниді тістеп алғанын байқамады.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Бразилия — Германия матчына мексикалық арбитр төрелік етеді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv/news/87680/)