![Астана қаласына Халықаралық көрмелер бюросының байрағы табыс етілмек](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/3/article_37388.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
23-24 сәуірде Париж қаласындағы Халықаралық көрмелер бюросы (ХКБ) Атқарушы комитетінің отырысында қазақстандық делегация ҚР Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары – «EXPO-2017» Халықаралық мамандандырылған көрме комиссары Рәпіл Жошыбаев басшылығымен «EXPO-2017» Тіркеу құжаттамасы сәтті қорғалған болатын.
Енді, үстіміздегі жылдың 11 маусымында Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов бастаған делегация Париж қаласындағы Халықаралық көрмелер бюросы (ХКБ) Бас Ассамблеясының 115-і сессиясына қатысады.
Салтанатты шарада Қазақстанға Халықаралық көрмелер бюросының байрағы табыс етіліп, «EXPO-2017» көрмесінің ресми мойындалу рәсімі болады.
ХКБ туын алғаннан кейін халықаралық қатысушыларды тарту және «EXPO-2017» көрмесін таяу және қиыр шетелдерде насихаттау бойынша белсенді жұмыс басталмақ.
Айта кетейік, «EXPO-2017» көрмесі «Болашақ энергиясы» ұранымен 2017 жылдың 10 маусымынан қыркүйек айының 10 жұлдызына дейін Астана қаласында өтеді.
|
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Астана қаласына Халықаралық көрмелер бюросының байрағы табыс етілмек&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv/news/86928/)