Қазақстанда шілденің шіліңгір ыстығы басталды. Синоптиктер қатарынан бірнеше облыста ауа райына қатысты дабылды ескерту жариялады. Алдағы күндері елдің басым бөлігінде сынап бағанасы +40 градусқа дейін көтеріледі деп болжануда.
Тіпті, Қызылорда облысында ауа температурасы +42 градусқа дейін жетеді. Ал Түркістан өңірінде 3 күн қатарынан қатты ыстық болады. +43 градусқа дейін көтерілмек.
Есесіне елдің шығысында бұршақ жауып, найзағай ойнайды, дауыл тұрады. Желдің екпіні секундына 25 метрге дейін жетпек.
Асима НҰРБАЙҚЫЗЫ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Еліміздің бірқатар өңірінде қатты ыстық болады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv/news/65808/)