![Қарағанды облысында көктемгі тасқын салдарынан зардап шеккен отбасыларға жаңа баспаналар берілді](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/7/article_73969.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Қарағанды облысына қарасты Қарқаралы ауданының Ынталы ауылында көктемгі тасқын салдарынан зардап шеккен отбасыларға жаңа баспаналар тапсырылды.
Үйлерді жөндеуге және шығын болған дүние-мүлкінің орынын толтыру үшін аудан бойынша 27 миллион теңге жұмсалған. Бұдан бөлек гумманитарлық көмектер беріліп, су басқан ауылдарда арнайы ұйымдастырылған жәрмеңкелер аясында азық-түлік және құрылыс заттары арзан бағаға сатылған.
Руслан НҰРЛАНҰЛЫ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қарағанды облысында көктемгі тасқын салдарынан зардап шеккен отбасыларға жаңа баспаналар берілді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv/news/43343/)