Шымкент зообағы тиін мен сілеусін әкелінді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкент зообағы тиін мен сілеусін әкелінді

06.06.2014
Шымкент зообағы жаңа аңдармен толықты. Бақ қызметкерлері Қырғыз елінен 10 тиін мен 2 сілеусін алып келді. Өңірге таңсық аңдарды Пржевальский жылқысымен айырбастауға тура келген. Қазір зообақтың жаңа тұрғындарын көріп тамашалауға келгендердің қарасы мол. 
 
Зообаққа келген кішкентай балғындар тиіндердің әрбір қимылын қызықтап қарайды. Сүйкімді кеміргіштер болса, бұтақтан-бұтаққа секіріп, тыным таппайды. Олар негізінен қылқан жапырақты орманның ерке жануарлары.
 
Жылына екі рет тұқым өрбітеді. Табиғат аясында 4-5 жасқа дейін, ал, арнайы  күтіп-баптау жағдайында 10-12 жыл өмір сүреді екен. Оңтүстік жұртына таңсық тиіндердің әрекетін тамашалауға әсіресе, балалар әуес.
 
Аружан Айзеретова, қала тұрғыны:
Біз тиіндерді кітаптардан ғана көргенбіз. Енді  тірідей көріп тұрмыз. Бізге ұнап қалды. Жиі келіп тұратын боламыз. 
 
Жыртқыштар санатына жататын мына сілеусіндердің аты-  «Вася» және «Муля». Еуразияның таулы аймақтарын қоныс ететін бұл түз тағылары күніне 4 келіге жуық ет жейді.
 
Зообақ қызметкерлері жаңа тұрғындардың бар жағдайын жасап бәйек. Себебі, мұндай аңдар жаңа қоныстарын бірден жерсіне алмайды екен. Жыртқыштардың екеуі де - аталық. Енді оларға «қалыңдық» керек көрінеді.
 
Әбутәліп Кәдірқұлов, Шымкент зообағының жыртқыш аңдар бөлімі меңгерушісі:
 
Пржевальский атына ауыстырып алып келдік. Енді екі сілеусінге ұрғашы сілеусін интернеттен іздестіріп жатырмыз. Көбейту ойымызда бар.
 
Жануарлардың жайлы мекеніне айналған мекемеде бұдан бөлек, аңның 200-ге жуық түрі бар. Жыл сайын олар төлдеп, көбейіп келеді. Ал, шамадан тыс саны артқандары өзге елге төрт аяқтының бізге таңсық түрлеріне ауыстырылады.
 
Сондай-ақ, зообақта аңдарға арналып жаңа ғимараттар салынуда. Бұл аң құстардың саны мен түрлерін қазіргіден де көбейтуге мүмкіндік бермекші. 
 
 
Айнұр АҚБАЕВА

Хабарламаларға жазылу