Түркістан облысының Қазығұрт ауданында тұрғын үй кезегінде тұрған 40 отбасы баспаналы болды. Облыс әкімі Нұралхан Көшеров Қазығұрт ауылынан жаңадан салынған 5 тұрғын үйдегі пәтер кілтін тұрғындарға салтанатты түрде тапсырды. Екіқабатты баспаналардың әрқайсысында 8 отбасы қоныстанады.
Мемлекеттік тапсырыс аясында салынған үйлердің құрылысы өткен жылдың наурыз айында басталып, жыл соңында аяқталған. Енді баспананы жылдар бойы күткен отбасылар бір, екі және үш бөлмелі пәтерлерге жайғасады. Ауданда баспанаға мұқтаж жандарға тұрғын үй салу жұмыстар жүйелі түрде жалғассын таба бермек.
Айнұр Әбілқасымқызы
