Атырау облысында тасқын қаупі сейілер емес - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырау облысында тасқын қаупі сейілер емес

17.05.2024

Атырау облысында тасқыннан қауіп сейілер емес. Нөпір су бөгеттерді бұзып кетіп жатыр. Махамбетте жағдай күрделі. Су деңгейі 10 метрден асты. Махамбет пен Сарытоғай ауылының арасындағы жол жабылып, қайық тасымалы іске қосылды. Кеше Сарайшықтағы зиратқа су кірген еді. Дереу, зират ішінен қосымша бөгет нығайтылды. Ал Индерде жағдай тұрақталды. Су басқан кірме жол қалпына келтіріліп, қолданысқа берілді.

Нұрсұлтан Нұрсейіт


Хабарламаларға жазылу