Әзербайжан-Армения бейбітшілік пен мемлекетаралық қатынастарды орнату туралы келісім жобасының ережелерін талқылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әзербайжан-Армения бейбітшілік пен мемлекетаралық қатынастарды орнату туралы келісім жобасының ережелерін талқылады

11.05.2024

Алматыда Әзербайжан мен Армения Сыртқы істер министрлері өзара келіспеушіліктер бар өткір мәселелер бойынша келіссөздерді жалғастыруға уағдаласты. Министрлер шекараны делимитациялау бойынша ілгерілеуді, осы бағытта қол жеткізілген келісімдерді құптады.

Сондай-ақ елдер арасындағы бейбітшілік пен мемлекетаралық қатынастарды орнату туралы келісім жобасының ережелерін талқылады. Сапар барысында Әзербайжан мен Армения сыртқы істер ведомствосының басшылары Қазақстан Премьер-Министрінің орынбасары, Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеумен жеке және екіжақты форматта кездесті. Тараптар Әзербайжан мен Армения арасында бейбіт келіссөздер жүргізгені үшін Қазақстанға алғыс айтты.

Хабарламаларға жазылу