Е. Қарин Т. Бигелдиновтің ескерткішіне гүл шоқтарын қойды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Е. Қарин Т. Бигелдиновтің ескерткішіне гүл шоқтарын қойды

09.05.2024

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қарин Жеңіс күніне орай аты аңызға айналған ұшқыш, 1945 жылғы Жеңіс шеруіне қатысқан қаһарман, Кеңес Одағының екі мәрте батыры Талғат Бигелдиновтің ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. Еңселі ескерткіш 2021 жылы Астана қаласындағы Сарыарқа даңғылы мен Талғат Бигелдинов көшелерінің қиылысында бой көтерген еді. Іс-шараға сондай-ақ Ұлттық құрылтайдың және Жастар саясаты жөніндегі кеңестің бірқатар мүшесі қатысты.

Нұрсұлтан Тілектес


Хабарламаларға жазылу