Қостанай облысында орман өрті: Баспана салуды мемлекет мойнына алғаны жөн - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанай облысында орман өрті: Баспана салуды мемлекет мойнына алғаны жөн

08.05.2024

2022 жылы Қостанай облысында орман өртінен жүзге тарта отбасы баспанасыз қалған еді. Оларды тұрғын үймен қамтуды мемлекет өз мойына алған. Бір жарым айдан соң Әулиекөл ауданының орталығынан жаңа шағын аудан бой көтерді. Аумағы 100 шаршы метр болатын төрт бөлмелі 91 үй салынды. Тұрғындар мемлекеттің баспана құрылысын жүргізуді өз мойнына алғаны дұрыс шешім болды деп есептейді. Себебі қаржы бөлінгенмен, үйді өз бетінше салу оңай шаруа емес.

Қуаныш Тоғаев, Әулиекөл кентінің тұрғыны:
Ақша қазір бәрібір жетпейді. Қанша берсе де, бәрібір сала алмайсың үйді. Оған техника керек, мамандар жалдау керек. Ал былай сала алмайсың үйді. 

Екі жылдан бері осында тұрып жатқан жұртшылық үйлерінің сапасы өте жақсы екенін айтады. Орталық су желісі, табиғи газ тартылған. Көшелер асфальтталып, жарық орнатылған. Бір сөзбен айтқанда жайлы тұрмысқа қажеттің бәрі бар.

Валентина Бадагова, Әулиекөл кентінің тұрғыны:
Үйіміз жақсы. Жылы. От жақпаймыз, су тасымаймыз. Қаладағы пәтерден еш айырмашылығы жоқ. 

Дәуренбек Әбдібек



Хабарламаларға жазылу