Ақтөбе облысында баспаналарынан айырылған тұрғындар жаңа үйлерге көшіп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбе облысында баспаналарынан айырылған тұрғындар жаңа үйлерге көшіп жатыр

08.05.2024

Ақтөбе облысында су тасқынынан баспаналарынан айырылған тұрғындардың алғашқы легі қоныс тойын тойлауға әзірленіп жатыр. Мәселен Әйтеке би ауданының Темірбек Жүргенов және Әйке ауылдарында 5 үй сатып алынған.

Бұл баспаналардың бірі жас отбасына бұйырды. Олар өздері таңдаған кең, жайлы үйге көшіп жатыр. Дайын баспана сатып алуға тұрғындардың өздері ниет білдірген. Аудан бойынша материалдық залалды бағалау және өтеу жөніндегі комиссияға 133 өтініш түскен. 46 үй апатты деп танылған. Тағы 15 отбасына дайын баспана сатып алынады.

Гүларай Төреғалиқызы, ауыл тұрғыны:
Бізге басында үй салынады немесе таңдап аласыздар деп айтты. Ешқандай көмектен құр қалған жоқпыз. Бүгін жаңа қонысымызға көшіп келіп жатырмыз. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын.

Жақсыбек Кемал



Хабарламаларға жазылу